• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өшпес даңқ Бүгін, 12:26

Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында ерлікпен қаза тапты

20 рет
көрсетілді

Жетісу облысында құтқару жұмыстары кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері қызметтік борышын атқару барысында қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026 жылғы 7 наурызда Панфилов ауданына қарасты Атамекен ауылдық округіндегі Алтынкөл көлінде балық аулап жүрген азаматтың мұз жарылып, көлдің ортасына қарай мұз кесегімен бірге ағып кеткені жөнінде хабар келді.

Оқиға орнына Жетісу облысы ТЖД-ның күштері мен құралдары, Жаркент қаласындағы №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Талдықорған қаласының жедел-құтқару жасағы, сондай-ақ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы облысы ТЖД құтқарушылары дереу жетті.

Құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде мұз қайта жарылып кеткен. Соның салдарынан Панфилов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры Таранов Дамир Таиржанұлы қаза тапты.

Қарқаралыдағы дала өртін сөндіру кезінде құтқарушы қаза тапты

Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы органдар мән-жайды анықтап жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі мұз үстіне шыққанда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін тағы да еске салды.

Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған балаларды шығарып алды

     
Соңғы жаңалықтар