Көктемнің алғашқы айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке қатар аталып өтеді – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы. 2026 жылдың наурыз айында мереке және демалыс күндерін қоса есептегенде ел азаматтары 13 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке болып саналады. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заң» талаптарына сәйкес, мемлекеттік мереке күндері демалыс болып есептеледі.
2026 жылы 8 наурыз жексенбіге сәйкес келгендіктен, бұл демалыс күні 9 наурызға ауыстырылады.
Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады. 21 және 22 наурыз демалыс күндеріне (сенбі – жексенбі) сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері кейінгі жұмыс күндеріне ауысып, қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында ұзақ демалысқа шығады.
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Бескүндік жұмыс аптасында наурыз айында 13 демалыс және 18 жұмыс күні болса, ал алтыкүндік жұмыс аптасында 9 демалыс және 22 жұмыс күні болады.
Айта кету керек, наурыз айында басқа да кәсіби мерекелер бар. Жұмыс күндеріне қарамастан, бұл мерекелер тиісті сала мамандарына құттықтау білдіру арқылы атап өтіледі.
Көктемгі каникул: Оқушылар неше күн демалады?
Кәсіби мерекелер тізімі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен №480 бұйрықтың (17.11.2023 ж.) редакциясына сәйкес жарияланады.