• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:30

Вейптерді заңсыз сатқан семейлік тұрғын 2 жылға сотталды

10 рет
көрсетілді

Абай облысында электрондық тұтыну жүйелерін (вейп) заңсыз өткізген азаматқа қатысты сот үкімі жарияланды. Семей қаласының тұрғыны никотин құрамды өнімдерді әлеуметтік желі арқылы сатып, айналымға шығарғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аталған облыс прокуратурасының мәліметінше, істі Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қараған. Тергеу барысында айыпталушы электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) заңсыз өткізу арнасын ұйымдастырғаны анықталған.

Еске салайық, 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда вейптерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, әкелуге және өндіруге толық тыйым салынған.

Соған қарамастан, сотталған азамат 3700-ден астам жазылушысы бар «Telegram» арнасы арқылы никотин құрамды өнімдерді сатуды жолға қойған. Заңсыз саудаға тағы 2 адам тартылған.

Петропавлда сталкинг туралы жаңа бап негізінде алғашқы сот үкімі шықты

Жедел іс-шаралар барысында құқық қорғау органдары 784 электрондық құрылғы мен оларға арналған сұйықтықтарды заңсыз айналымнан тәркілеген.

Сот үкімімен ұйымдастырушы Қылмыстық кодекстің 301-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Оның 2 сыбайласы әрқайсысы 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Сондай-ақ қылмысқа пайдаланылған автокөліктер мен ұялы телефондар мемлекет пайдасына тәркіленді, ал заңсыз өнімдер жойылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты

Соңғы жаңалықтар