Еске сала кетейік, 3 наурызда Астана маңындағы ауылда 42 жастағы ер адам өзінің ата-анасын, мүгедектігі бар ағасын және 18 жастағы қарындасын өлтірді деген күдікке ілінді. Қазіргі таңда ол соттың санкциясымен екі айға қамауға алынды.
«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктінің бұрын сотталғанын айта аламын. Оқиға орнын тексеру жұмыстары үшінші тәулік қатарынан жалғасуда. Дәлелдемелерді бекіту үшін үлкен жұмыс атқарылып жатыр», деді Санжар Әділов Сенатта өткен брифингте.
Бұған дейін қаза тапқандардың туыстар күдіктінің психикалық есепте тұрғанын хабарлаған болатын. Алайда ресми органдар бұл ақпаратты әлі нақтылап жатыр.