Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу мен сату бағамдары жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау орындарындағы орташа бағамдар келесідей:
доллар: сатып алу – 496,91 теңге, сату – 499,41 теңге; еуро: сатып алу – 579,61 теңге, сату – 585,18 теңге; рубль 6,37-6,49 теңге аралығында саудаланады.Астанада:
доллар 495,04 теңгеден сатып алынады, 502,04 теңгеден сатылады; еуро: сатып алу – 575,00 теңге, сату – 585,00 теңге; рубль: сатып алу – 6,25 теңге, сату – 6,55 теңге;4 наурыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,31 теңгеге көтеріліп, 499,83 теңгені құрады.