Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астанада Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, театр өнеріндегі мәдени алмасу жобаларына, көрмелер ұйымдастыруға және басқа да бірлескен бастамаларға назар аударылды.
Кездесу соңында тараптар белсенді диалогты одан әрі жалғастырып, ортақ мәдени-гуманитарлық жобаларды дамыту ниетін растады.
Ерлан Қарин: Конституциялық өзгерістер халық мүддесіне қызмет етеді