Елорда құтқарушылары өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында қоғамдық тамақтану нысандарында профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Рейд барысында дүңгіршектер, павильондар, фастфуд, донер сататын орындар сынды қоғамдық тамақтану орындары тексерілген.
Жүргізілген 320 рейдтік іс-шараның нәтижесінде тез тамақтануға арналған 426 нысан анықталған. Оның ішінде 78 павильонның арнайы рұқсат құжаттары мен келісімшарттары жоқ болып шыққан. Аталған кәсіп иелеріне түсіндіру жүргізіліп, нәтижесінде заңсыз орнатылған павильондар бұзылған. Тағы алтауы ғимараттардың алдыңғы бөлігінен артқы жағына көшірілген.
Қостанай облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды
Сондай-ақ тексеру барысында кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау шаралары түсіндірілген. Сонымен қатар әрбір кәсіпкерге өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары мен өрт туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі көрсетілген ақпараттық хаттар (жадынамалар) табысталды.
Алматыда өрт қауіпсіздігі күшейтілді: жеке үйлерге құтқару датчиктері орнатылып жатыр
Мамандар бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын және тұрақты бақыланатынын атап өтті.