Семей қаласында 3 наурыз күні кешкі уақытта балалар ойын-сауық орталығында тұтанған өрт 3 100 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Семейде ойын-сауық орталығынан өрт шықты
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ойын аймағынан басталған өрт ғимарат ішіндегі тез жанғыш материалдардың әсерінен қас-қағымда өршіп кеткен. Қою түтін мен лаулаған жалын құтқарушылардың жұмысын қиындатқанымен, өрт сағат 22:08-де толықтай сөндірілген. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, келушілер мен қызметкерлер дер кезінде өз бетінше эвакуацияланып үлгерген.Семейдегі өрт: Оқиға орнында 6 адам медициналық көмекке жүгінді
Полиция департаменті бұл оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалғанын және өрттің шығу себебі мен оған қатысы бар тұлғалардың анықталып жатқанын хабарлады.