Ақмола облысының Щучинск қаласында орын алған жойқын жарылыстың зардабы күн санап ауырлап барады. Дәмханадағы өрттен ауыр жарақат алған тағы екі адам қалалық ауруханада көз жұмды. Осылайша, бұл қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың жалпы саны тоғызға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды
«Кеше Щучинск аудандық ауруханасында ауыр жарақат алған бір науқастан айырылдық. Бүгін, өкінішке қарай, денесінің 85 пайызы күйген тағы бір пациентіміз көз жұмды. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ асқынулардың тым ауырлығы әсер етті. Қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», деді Ермек Нариман.Щучинсктегі қайғылы жағдай: Дәмхананың иесі қамауға алынды
Естеріңізге сала кетейік, 26 ақпан күні дәмханадағы газ баллонының жарылыс болды. Қазіргі уақытта 6 науқас Щучинск пен облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы бес адам санавиациямен Астанадағы Ұлттық шұғыл медицина орталығына жеткізілген. 8 тұрғын аудандық ауруханада амбулаторлық ем алуда.