• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 15:49

Қаржылық тұрақтылыққа бастар қарапайым қағида қандай?

10 рет
көрсетілді

Қаржылық әл-ауқатты арттыру күрделі инвестициялық құралдардан емес, қарапайым тәртіптен басталуы мүмкін. Экономист Руслан Сұлтанов табыстың кемінде 10 пайызын алдымен өзіңізге бөліп отыру қағидасын ұсынады. Бұл ұстаным ежелгі Вавилон дәуіріндегі бай саудагер Аркадтың сөзімен сабақтас. «Тапқан табысыңның бір бөлігі саған тиесілі, оны өзің үшін сақтауға міндеттісің» деген қағида бүгін де өзекті, деп жазады Egemen.kz.

Сарапшының айтуынша, 10 пайыз мөлшері кездейсоқ таңдалмаған. Төмен үлес айтарлықтай нәтиже бермейді, ал жоғары үлес көпшілікке бастапқы кезеңде ауыр тиеді. Мәселен, айлық табыс 300 мың теңге болса, оның 30 мың теңгесін табыс түскен күні бөлек шотқа аудару ұсынылады. Қалған шығындар содан кейін жоспарлануға тиіс. Бұл тәсіл адамның шығын құрылымын қайта қарауға және табысты басқаруға үйретеді.

Қаржылық сауат – уақыт талабы

«Табысы 420 мың теңге болатын азамат 6 ай ішінде 10 пайыздық қағиданы сақтай отырып, 252 мың теңге жинақтаған. Оның 80 мың теңгесін 12 пайыздық мөлшерлемемен депозитке орналастырып, пассив табыс ала бастаған. Нәтижесінде қаржылық сенім күшейіп, ай соңындағы тұрақсыздық азайған. Қарапайым есепке сүйенсек, айына 400 мың теңге табыс кезінде 10 пайызы 40 мың теңгені құрайды. 12 айда 480 мың теңге жиналады. Егер бұл қаражат 10 пайыздық жылдық табыстылықпен инвестицияланса, қосымша 48 мың теңге кіріс әкеледі. 5 жыл ішінде пайызды қайта инвестициялау арқылы капитал 3 млн теңгеден асады. Сіз өзіңізге бірінші төлем жасамайынша байымайсыз. Бұл Вавилонда да, XIX ғасырдағы Лондонда да, қазіргі Қазақстанда да жұмыс істейтін заң», дейді экономист.

Балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін мультфильм шығарылды

Сарапшы бұл қағиданы енгізу үшін бөлек шот ашып, қаражатты табыс түскен күні аударуды, оны күнделікті шығынға жұмсамауды және ай сайын жинақ көлемін есепке алуды ұсынады. Оның пікірінше, дәл осы қарапайым тәртіп ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықтың негізін қалайды.

Қазақстанда қарыз алушының қаржылық жүктемесін есептеудің жаңа тәсілі енгізіледі

Соңғы жаңалықтар