Халықаралық шахмат федерациясы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Жаңартылған тізімде шахматшы Бибісара Асаубаева үш сатыға жоғарылап, әлемнің үздік он ойыншысы қатарына енді, деп жазады Egemen.kz.
FIDE жариялаған рейтингке сәйкес, Бибісара Асаубаева 2516 ұпаймен тоғызыншы орынға жайғасты. Бұған дейін ол ондықтың төменгі бөлігінде болған.
Бибісараның табысы – 10 668 доллар
Әйелдер арасында рейтинг көшін қытайлық Хоу Ифань бастап тұр. Оның еншісінде 2596 ұпай бар. Үздік бестікке сондай-ақ Қытайдың тағы төрт шахматшысы енген: Чжу Цзиньэр (2578), Лэй Тинцзе (2566), Цзюй Вэньцзюнь (2559) және Тань Чжунъи (2535).
Алғашқы ондықтың қалған бөлігі мынадай: Хампи Конеру (Үндістан, 2535), Александра Горячкина (Ресей, 2534), Анна Музычук (Украина, 2522), Екатерина Лагно (Ресей, 2508).
Саясат Нұрбек: Әр бала мектеп кезінен шахматты жетік меңгеруі тиіс
Ерлер арасында әлемдік рейтингтің көшбасшысы – норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен. Оның көрсеткіші – 2840 ұпай. Екінші орында америкалық Хикару Накамура (2810), ал үздік үштікті тағы бір АҚШ өкілі Фабиано Каруана (2795) түйіндеп тұр.
Ұлттық үлгідегі шахмат
Осылайша, Бибісара Асаубаеваның рейтингтегі ілгерілеуі қазақстандық шахматтың халықаралық аренадағы әлеуетін тағы бір мәрте айқындады.