• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:47

Дубайдан Оман арқылы 467 отандасымыз елге жеткізіледі

10 рет
көрсетілді

Отандастарымыз мінген автобус эвакуациялау үшін Дубай қаласынан Оманға жолға шықты. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

28 ақпан мен 2 наурыз аралығында билет сатып алғанмен елге жете алмаған жерлестеріміз бүгін Астана және Алматы әуежайына келіп қонды. Ал билет алмаған отандастарымыз бен транзиттік аймақта жүрген және БАӘ мен Қатар аумағында тұратын Қазақстан азаматтары екі көрші мемлекет арқылы елге қайтарылады. 

Дубайдағы екі әуежайдың жұмысы қайта жанданады

«Бүгін Дубайдан азаматтарымыз мінген алғашқы автобус легі шықты. Күн соңына дейін 467 азаматты елге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Екінші рейс Қатардан Сауд Арабиясы бағытында ұйымдастырылып жатыр. Болжам бойынша, бұл – Жидда қаласы болады. Адамдарды автобуспен Қатардан Эр-Риядқа, одан кейін Жиддаға жеткізіп, әрі қарай отандық әуе компанияларының ұшақтарымен Қазақстанға қайтарамыз», деді Әлібек Бақаев.

Сондай-ақ ертең, 4 наурыз күні Жиддадан 343 адамды елге жеткізу жоспарланған. Эвакуациялауға ең алдымен, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, 60 жастан асқан азаматтар және белгілі бір аурулары бар адамдардан жасақталып жатыр.

Дубайдағы ахуал: Отандастарымыз елге қайта алмай отыр

Қазір азаматтарымызды елге қайтару үшін алты ұшақ дайындалып жатыр.

«Есепті Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызметі жүргізеді. Жолаушылар саны шамамен бес мыңға жуық. Десе де бұл көрсеткіш үнемі өзгеріп отырады. Air Astana және SCAT Airlines тарапынан алты әуе кемесі бөлінді. Егер әуе кеңістігі ашылса, бірден сол бағытқа жібереміз», деді Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.

Соңғы жаңалықтар