• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 18:01

Иран шетелдік студенттердің елден шығу тәртібін жеңілдетті

10 рет
көрсетілді

Ирандағы шетелдік студенттер енді елден арнайы рұқсат құжаттарын рәсімдемей-ақ кез келген құрлықтық шекара арқылы шыға алады. Қазіргі уақытта елде шамамен 60 мыңға жуық шетелдік студент білім алып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иран Білім министрлігінің хабарлауынша, студенттерге паспортқа стандартты белгі қойдырмай-ақ елден шығуға мүмкіндік берілген. Бұл олардың отанына жедел оралуына немесе қауіпсіз аймаққа көшуіне жағдай жасайды.

Иран Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады

Сонымен қатар жоғары оқу орындары студенттерге елден кетуді ұйымдастыруда жан-жақты қолдау көрсетуге міндетті. Университеттер өзгерістер туралы дер кезінде ақпарат беріп, қорытынды емтихандар мен диплом қорғау мерзімдерін кейінге шегеруі тиіс.

Kaspi.kz Таяу Шығыста қалған отандастарымызға қаржылай көмек көрсетеді

Соңғы жаңалықтар