• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 17:20

Айбек Дәдебай: Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституциямыздың басты авторы

10 рет
көрсетілді

Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасының мәтініне арнайы уақыт бөліп, барынша белсенді атсалысқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айбек Дәдебай жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумға дайындық жұмыстары өте қарқынды жүріп жатқанын айтты.

«Бұл референдумның еліміз үшін де, барлық азаматтарымыз үшін де маңызы өте зор. Сондықтан барлық құқықтық рәсімнің сақталуы, заң талаптарының қатаң орындалуы өте өзекті болып тұр. Бұл ретте Орталық референдум комиссиясының атқарар рөлі ерекше болмақ. Ал мемлекеттік органдардың басты міндеті – дауыс беру үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сайлау учаскелерінің жұмысын ұйымдастыру, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қажетті жағдайды жасау», деді А. Дәдебай.

Ғалымдар жаңа Конституцияға қолдау білдірді

Оның айтуынша, Президент жаңа Конституция жобасының мәтініне арнайы уақыт бөліп, барынша белсенді атсалысқан.

«Мемлекет басшысы азаматтардан, сарапшылық қауымдастықтан, қоғамдық ұйымдардан келіп түскен сындарлы ұсыныстарды жеке өзі оқып, жіті зерделеді. Одан соң кеңесшілермен, сарапшылармен бірге негізгі заңның кіріспесін, бөлімдері мен баптарын жазумен, оны өңдеумен тыңғылықты түрде айналысты. Жалпы Президент соңғы жарты жыл ішінде аптасына кемінде бір рет, кейде одан да жиі түрде әуелі Парламенттік реформа бойынша жұмыс тобының өкілдерімен, жектекшілерімен, одан кейін Конституциялық комиссияның жетекшілерімен кездесіп отырды. Бұл кездесулер кейде бір сағаттан астам уақытқа созылатын. Осыдан-ақ біз жұмыстың қандай қарқынмен жүргенін аңғара аламыз.

Тіпті түнгі уақытта да Мемлекет басшымыз осы мәтінмен жеке өзі жұмыс істегенін Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері жақсы біледі. Жалпы жаңа Конституция жобасының мәтінінде Мемлекет басшысының саяси бағдарының басты қағидаттары, қоғам мен мемлекеттің дамуына қатысты көзқарасы, сондай-ақ ұстанымдары кеңінен көрініс тапқан. Сол себепті, Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа Конституциямыздың басты авторы екені сөзсіз», деді А. Дәдебай.

«Қазцинк» ұжымы конституциялық реформаны қолдады

Еске салайық, 15 наурызда елімізде республикалық референдум өтеді. 

Соңғы жаңалықтар