Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санына қатысты жаңартылған деректі жариялады, деп жазады Egemen.kz.
1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті. Қалалық жерлерде – 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде – 7 411 647 адам тұрады.
Елордада халық саны 1,6 млн-нан асты
Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қон есебінен екені анықталып отыр.
Елде тіркелген SIM-карта халық санынан көп: Бір адамға бірнеше нөмір не үшін керек?
Еске салайық, елімізде халық саны 20 миллионға 2023 жылдың қарашасында жеткен.