• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 15:47

Елімізде наурыз айындағы ҰБТ басталды

10 рет
көрсетілді

Бүгін наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Ол 6 сәуірге дейін жалғасады. Биыл ҰБТ-ға қатысуға шамамен 184 мың талапкер өтініш берген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға артық. Өтініш білдіргендердің 74,4%-ы тестті қазақ тілінде, 25,5%-ы орыс тілінде, ал 216 адам ағылшын тілінде тапсыруды таңдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және өткізу пунктін өздері анықтады.

Ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы – «Математика – Физика» (18,7%). Бұл бағытты негізінен болашақ инженерлер, мұғалімдер, құрылысшылар, энергетиктер және техникалық мамандық иелері таңдаған. Ал 16,6% талапкер «Биология – Химия» пәндерін белгілесе, 10,3%-ы шығармашылық емтиханды таңдаған. Яғни, медицина және шығармашылық саласына қызығушылар да аз емес.

ҰБТ кезінде тестілеу бағдарламасында калькулятор, Менделеевтің химиялық элементтер кестесі және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді болады. Тест аяқталғаннан кейін талапкерлер 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция нәтижесі шыққаннан кейін сертификат талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.

ҰБТ: Қостанай облысында талапкерлердің 74%-ы шекті балл жинады

2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалды. Талапкерлер үш міндетті пән және екі бейіндік пән тапсырады. Жалпы тапсырма саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 сұрақ, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылықтан» 10 сұрақтан, ал әр бейіндік пәннен 40 сұрақ беріледі. Ең жоғары балл – 140.

Тестілеу ұзақтығы 4 сағатты (240 минут) құрайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге қосымша 40 минут уақыт қарастырылған.

Наурыз айындағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде ЖОО-ға түскендер, өткен жылғы мектеп түлектері, колледж бітірушілер, Қазақстан азаматы емес, бірақ ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған Қазақстан азаматтары және биылғы мектеп бітірушілер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатыса алады.

Қаңтардағы ҰБТ: Тестілеу ережесін бұзған 120 адамның нәтижесі жойылды

Соңғы жаңалықтар