• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мәдениет Бүгін, 09:07

«Алғыс – аманат, ән – мұра» атты әдеби-музыкалық кеш өтті

30 рет
көрсетілді

Алғыс айту күніне орай Жезқазған қаласында әнші, өнер зерттеуші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Серік Оспановтың шығармашылығына арналған «Алғыс – аманат, ән – мұра» атты танымдық, әдеби-музыкалық кеш өтті, деп жазады Egemen.kz.

Серік Кәрібайұлының есіміне ұлытаулықтар ертеден таныс. Дәстүрлі қазақ әндерін шебер орындаушы Серік Оспанов 1992 жылы Жезқазған қаласында Тайжан Қалмағамбетов атындағы облыстық мемлекеттік филармонияға директор болып тағайындалады. Тоғыз жыл директор болғанда өнерді ғана насихаттап қоймай, отбасылы алты әртіске жаңа пәтер, үш әртіске «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» атағын алып береді.

2002 жылы Астана қаласындағы Президенттік Мәдениет орталығында жұмысын жалғастырады. Халық артисі, композитор Е.Рахмадиев, ақын К.Салықов, ғалым А.Сейдімбекпен шығармашылық байланыста болады.

2003 жылы конкурспен Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасына қарасты «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау инспекциясының» басшысы қызметін атқарған. Осыдан кейін «Халық шығармашылығы орталығы», «Тәуелсіздік сарайы» , «Сәкен Сейфуллин музейі», «Халық шығармашылығы орталығы» ЖШС,  Мәдениет комитетіне қарасты «Қазақстан халқы рухани жаңғыру орталығының» ұйымдастыру және мониторинг басқармасы сияқты мекемелерде басшылық етеді. 

Алғыс айту күні – бірлік пен ризашылықтың жарқын көрінісі

2015 жылы Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Тарихи-мәдени ескерткіштер мен рухани құндылықтарды сақтап, қалпына келтіру дирекциясы» МКҚК ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі, 2018 жылы «Атамекен» Қазақстан картасы этно-мемориалдық музей-кешені» музей педагогикасы бөлімінің, ақпараттық бөлімінің, ұйымдастыру бөлімдерінің меңгерушісі болып, зейнетке шығады.

Серік Оспанов – өнер зерттеуші. Басшылық жұмыстың шырмауында қалып қоймай үнемі ізденісте жүрді. Сәкеннің 125 жылдығына орай «Сәкен Сейфуллин – ұлт руханиятының көшбасшысы», «Сәкен тұлғасы тарих төрінде» атты кітаптары, «Сәкен Сейфуллиннің музыкалық мұрасы» атты ғылыми-зерттеу еңбегі жарық көреді. Бір сөзбен айтқанда − Сәкентанушы.

2018 жылы Балуан Шолақ  зерттеуші, меценат Марат Набиевтің қолдауымен «Балуан Шолақтың өмірі мен музыкалық мұрасы» еңбегі CD диск әндерімен, бертінде «Сегіз серінің өмірі мен музыкалық мұрасы» еңбегі оқырманның қолына тиді.

Зейнетке шықса да, қол қусырып қарап отырмады.  Ұлытау облысы ашылғанда күні кеше өзі қызмет еткен өңірге оралды. Бұл күні Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығында» халық шығармашылығы бөліміне жетекшілік етеді.

Түрлі өнердің тоғысы

«Мәдениет саласының үздігі» Серік Оспановтың еңбек жолына арналған кеште көрсетілген бейнебаяннан көрермендер өнер иесінің өмір жолы мен шығармашылығымен танысты. Өнер жанашырының мәдениет саласында жауапты басшылық қызмет атқарып қоймай, елімізде және шетел сахналарында өнер көрсеткен әнші, термеші ретінде танылғанының куәсі болды.

Мемлекет және қоғам қайраткері, меценат Айташ Әлиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер Қорабай Есенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-композитор Жағыпар Әлімханов, мәдениет саласының үздігі Гүлсара Жиеналиева кештің қадірлі қонағы болды. Сонымен қатар Ұлытау өңіріндегі облыстық, қалалық, аудандық Ардагерлер ұйымдарының төрағалары мен «Ақ әжелер» ансамблі қатысты.

Өнер зерттеуші Серік Кәрібайұлының «Ұлытау өңірі сал-серілері мен әнші, күйші, ақындары» атты монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Жаңа кітаптың тұсауын Ұлытау облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Үсенұлы, Сәкен Сейфуллиннің ұрпағы Айташ Сыздықұлы және Шынболат Ділдебаевтың жары, мәдениет жанашыры Гүлсара Қоңырбайқызы кесті.

Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады

Қоғам қайраткері Айташ Сыздықұлы құттықтау сөз сөйлеп, өнер иесіне домбыра тарту етті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жағыпар Әлімханов «Көкейкесті» күйін орындады. Серік Оспановтың шәкірті Гүлдәурен Жидебаева «Ақдариға» әнін шырқады. «Ұлар» әдеби клубының мүшелері өнер иесіне арнаған өлеңдерін оқыды.

Кеш соңында қонақтарға алғыс хат пен мерекелік сый-сияпаттар табысталды.

Ұлытау облысы

Соңғы жаңалықтар