• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 14:30

Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдіктіні ұстау сәтінен фото-видео жарияланды

10 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен бірлесе жұмыс істеп, Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған атыраулықты ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Ведомство күдіктінің Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынғанын және онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды.   Еске салайық, Атырау облысындағы Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша іс қозғалып, күдіктілерге  халықаралық іздеу жарияланған болатын. 25 желтоқсаннан хабар-ошарсыз жоғалып кеткен бір отбасының төрт мүшесіне қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасып, отбасы мүшелерінің телефоны соңғы рет Шымкенттен сигнал берген. Кейіннен балаларымен жоғалып кеткен ерлі-зайыптының мүрдесі үйінің ауласындағы сарайдан табылған еді.  Ал іздеу жарияланған атыраулық күдіктінің 5 баласы мемлекет қарауына алынды. Ішкі істер министрлігі 24 ақпан күні Атыраудағы ерлі-зайыптының өліміне күдіктілердің Индонезияда ұсталғанын хабарлады. 
Соңғы жаңалықтар