Түркістан облысында 12 731 шақырымды құрайтын 4180 канал, жалпы сыйымдылығы 8,7 млрд текше метр болатын 42 су қоймасы, 5712 шақырымға созылған 1256 қашыртқы және 1794 ұңғыма бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің мәлімдеуінше, су қоймалардың толу деңгейі бүгінде 71 пайызды құрап отыр. Өзендердегі су деңгейі орта деңгейден төмен ағып жатыр. Облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын-алу басқармасының дерегіне сүйенсек, су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жалпы 1 064 жеке құрам, 124 техника, 11 дана жүзу құралдары, 92 дана су сорғыш құралдары мен 44 дана эвакуциялауға арналған техника дайындыққа келтірілген.
Түркістан облысында жаңа екі су қоймасының құрылысы аяқталуға жақын
Сондай-ақ, 45 мың дана қап, 5 920 тонна инертті материалдар дайындалған.
Шардара су қоймасына келетін болжамды су көлемі келісілді