• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:32

Жамбылда оқушылардың әлімжеттігі үшін ата-анаға айыппұл салынды

10 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында үш оқушының ата-анасы балаларының мектептегі буллинг әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Соттың мәліметінше, 2025 жылдың желтоқсан айында Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылындағы орта мектепте оқитын үш кәмелетке толмаған бала басқа оқушыларға жүйелі түрде қысым көрсетіп, түрлі жұмыстарды атқаруға мәжбүрлеген. Бұл әрекеттер буллинг, оның ішінде кибербуллинг ретінде бағаланған.

Мектептегі қысым: Балалар арасындағы буллингтің зардабы қандай?

Құқық бұзушылық фактілері әкімшілік хаттамалармен, жәбірленушілердің арыздарымен және өзге де айғақтармен толық дәлелденген.

Сот отырысында үш баланың ата-анасы кінәсін мойындап, кешірім сұраған. Ал жәбірленуші тараптың ата-аналары істің мән-жайымен толық келіскен.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-2-бабы 1-бөлігіне сәйкес, мұндай құқық бұзушылық үшін ескерту немесе 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл қарастырылған. Істің сипатын, құқық бұзушылардың жеке басын және жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот әр ата-анаға 10 АЕК мөлшерінде, яғни 43 250 теңге айыппұл салды.

Астанада 7-сынып оқушысы буллингті анықтайтын жүйе ұсынды

Соңғы жаңалықтар