Түркістан облысының Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы «Тұран» футбол клубын жекешелендіру бойынша сауда-саттық жариялады. Клубтың бастапқы бағасы 1 054 000 теңге, ал кепілдік жарна мөлшері 158 100 теңге деп белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ашық сауда-саттық үдерісі биылғы жылдың 3 наурызында сағат 10:00-де басталады.
Айта кетейік, клубтың жаңа қожайынына жүктелетін міндеттемелер аз емес. Атап айтқанда, сатып алушы алдағы 10 жыл ішінде футболдан жасөспірімдер академиясын құруға міндетті. Сондай-ақ келесі міндеттемелерді орындауы тиіс:
Клубтың негізгі бейінін (профилін) сақтау; Қазіргі штаттық санды (14 адам) қысқартпау; Клубқа инвестиция салу және материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету; Жергілікті ірі стадиондармен (соңғы бес жылдағы тәжірибе негізінде) келісімшарттардың болуын қадағалау; Әйелдер футбол командасын дайындау; 2027 жылдан бастап тұрақты түрде Қазақстан Премьер-лигасына қатысуын қамтамасыз ету; Клубты сенімгерлік басқаруға бермеу және үшінші тұлғаларға сатпау.Сонымен қатар үміткердің спорт саласында кемінде бес жылдық жұмыс тәжірибесі болуы шарт.
«Оқжетпес» футбол клубы жекеменшік басқаруға өтті
Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысының Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы «Атырау» футбол клубын сатылымға шығарған болатын.