• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 12:48

«Kia Qazaqstan» зауытының ұжымы Конституция жобасына қолдау білдірді

0 рет
көрсетілді

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Kia Qazaqstan» зауытының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңартылған Конституция жобасы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Кездесуге Сенат депутаттары Сергей Карплюк пен Бибігүл Аққожина, Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов және «Amanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов қатысты.

«Kia Qazaqstan» зауыты Қостанайдың индустриялық аймағында орналасқан және өңірдегі автомобиль өндірісінің флагманына айналды. Шамамен 63 гектар аумақта жылына 70 000 автокөлік шығаруға мүмкіндік беретін заманауи өндіріс орны жұмыс істейді. Еңбек ұжымының едәуір бөлігін жас мамандар құрайды.

Өңір басшысы Жаңа Конституция жобасын талқылау аясында еңбек адамының мәртебесін арттыру мәселесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, құжатта жұмысшылар үшін негізгі әлеуметтік кепілдіктер бекітілген.

Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды

«Жаңа Конституциясы жобасында қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек етуге, ешқандай кемсітусіз еңбегі үшін сыйақы алуға, сондай-ақ заңға сәйкес әлеуметтік қорғауға құқық кепілдендірілген», деді Құмар Ақсақалов.

Жиында кәсіпорынның жас маманы Амир Караев Ата заң жобасына қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, жаңартылған Конституция жобасында жастардың рөліне ерекше мән берілген.

«Жас буын өкілі ретінде мен үшін бұл құжаттың сапалы білім алуға, кәсіби өсуге және өзін-өзі жүзеге асыруға нақты жағдай жасайтыны маңызды. Жастардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуының маңыздылығы атап өтілгені – біздің пікіріміз ескерілетінін білдіреді», деді ол.

Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

Отбасы институтына қатысты мәселелерге де ерекше назар аударылды. Некенің ер мен әйелдің одағы ретінде айқындалуы, мемлекеттің неке мен отбасын қорғауы, сондай-ақ ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын кәсіпорын қызметкері Фирдавс Аманмуратов білдірді.

«Жаңа Конституция жобасында негізгі отбасылық құндылықтардың нақты бекітілуі мен үшін маңызды. Мемлекет неке мен отбасын қорғайды, ата-аналарды бала тәрбиесінде қолдайды», деді ол.

Кездесу барысында жұмысшылар әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер, өндірістік секторды қолдау және өңірді дамыту перспективалары жөнінде бірқатар сұрақтар қойды. Коалиция өкілдері жан-жақты жауап беріп, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Алматы жастары мен IT қауымдастық конституциялық реформаны қолдайды

Кездесу қорытындысы бойынша «Kia Qazaqstan» еңбек ұжымы Жаңа Конституция жобасын толық қолдайтынын және Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанды дамытуға белсенді қатысуға дайын екенін білдірді.

Соңғы жаңалықтар