• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:55

Боранға байланысты қай жолдар жабылды?

10 рет
көрсетілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның алты облысында республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, 26 ақпан күні сағат 08:30-дағы жағдай бойынша жеті республикалық автожол учаскесінде уақытша қозғалыс шектелген. Шектеулер ауа райының күрт нашарлауына байланысты енгізілген.

Ақтөбе облысында Ресей Федерациясы шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай Халық Республикасы шекарасы бағытындағы жолдың 776-1240 шақырым аралығы (АЗС «ЭКО Ойл» – Ырғыз ауылы – Қызылорда облысының шекарасы) жабылды.

Жамбыл облысында Аталған халықаралық дәліздің 159-238 шақырымы (Кенен ауылы – Қайнар ауылы), сондай-ақ Астана – Қарағанды – Алматы тасжолының 750-893 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы) бойынша қозғалыс шектелді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жол жабылды

Қарағанды облысында Астана – Қарағанды – Алматы автожолының 738-750 шақырымы (Сарышаған кенті – Жамбыл облысының шекарасы) жабық.

Ұлытау облысында Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті жолының 216-424 шақырымы (Қызылорда облысының шекарасы – Жезқазған қаласы) бойынша шектеу енгізілді.

Қызылорда облысында Ресей шекарасы – Қорғас бағытындағы жолдың 1240-2055 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Бәйгекүм ауылы – Түркістан облысының шекарасы), сондай-ақ Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті тасжолының 12-216 шақырымы (Қызылорда қаласы – Ұлытау облысының шекарасы) уақытша жабылды.

Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?

Түркістан облысында Ресей шекарасы – Қорғас бағытындағы жолдың 2055-2095 шақырымы (Қызылорда облысының шекарасы – Түркістан қаласы) бойынша қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық автожолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына 741 арнайы техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар