• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:20

Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?

10 рет
көрсетілді

Өңір диқандары аталған жұмыстар үшін барлық қажетті тауарлық және материалдық қажеттіліктермен қамтылған. Бұл туралы Үкімет отырысында Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақ әкімі қажетті 58 мың тонна тұқым толығымен дайындалғанын атап өтті. Өңірде минералды тыңайтқыштарды енгізуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл 109,7 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізу жоспарланып жатыр.

Жамбыл облысында 40 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Ал, егу-жинау жұмыстарын жүргізу үшін шаруалардың өтінімдеріне сәйкес 25,1 мың тонна дизель отыны дайындалған.

«Көктемгі дала жұмыстарына 10,7 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылуға дайын. 2026 жылы «Кең дала-2» бағдарламасы арқылы көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 7 млрд теңге қарастырылды. Бүгінде 101 шаруаға 2,8 млрд теңге 5%-дық несие берілді», деді Ербол Карашөкеев.

Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді

Соңғы жаңалықтар