Қызылордада тағы бір елді мекен ішімдіктен түбегейлі бас тартты. Арал ауданындағы Мергенсай ауылдық округінің тұрғындары әкімдік пен учаскелік полиция инспекторының бастамасын бірауыздан қолдап, салауатты өмір салтын таңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл ауылда соңғы 3 жылда бірде бір қылмыс тіркелмепті. Мал ұрлығы мен өзге де құқық бұзушылықтар толықтай тоқтатылған. Аудан орталығынан 64 шақырым қашықтықта орналасқан бұл ауылдық округте бүгінде 118 шаңырақ тату-тәтті тіршілік кешіп келеді.
Тұрғындар бау-бақша өсіріп, төрт түлік бағып, балық шаруашылығын дамытып отыр. Ауыл әкімі Күлпаш Жолдасова округке қарасты 3 елді мекенде де сауда орындары алкоголь өнімдерін сатуды тоқтатқанын айтады.
Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды
Осылайша «Заң мен тәртіп» қағидаты бастамасы аясында ауданда ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 10-ға жетіп отыр.
Арақ ішкен адам 40 күнге дейін ораза ұстай алмай ма?