• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:12

Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады

20 рет
көрсетілді

Жаңа жылдан бері жүргізушілер көлік нөмірін өз қалауынша таңдауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде небәрі бір айдың ішінде ел тұрғындары әдемі мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне шамамен 6 млрд теңге жұмсаған, деп жазады Egemen.kz.

Ел азаматтарына 1 қаңтардан бастап әріп пен цифрды еркін таңдауға рұқсат берілді. Бұл қызметтің құны 43 мың теңгеден сәл асады. Көпшілік бірдей немесе айнадай қайталанатын сандарды, сондай-ақ өз аты-жөнінің бас әріптерінен құралған комбинацияларды таңдаған.

Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, алғашқы айда 140 мыңнан астам өтінім түсіп, олардың басым бөлігі мақұлданған.

Осылайша, мемлекеттік бюджетке шамамен 6 млрд теңге түскен. Қызметке деген жоғары сұраныс алғашқы күндері арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында адам қарасын көбейтіп, кезек туғызды. Кейін бұл мәселені шешу үшін қызмет мобильді қосымшаға енгізіліп, рәсімдеу барысы едәуір жеңілдетілді.

Автокөлік нөмірін полицей алып кетсе не істеу керек?

Мамандардың айтуынша, жаңа тетік жүргізушілерге қолайлылық беріп қана қоймай, қазына кірісін арттыруға да ықпал еткен.

Енді көлік нөміріне мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруге болады

Соңғы жаңалықтар