• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:03

Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады

10 рет
көрсетілді

Өткен тәулікте Тараз – Шу және Арыс – Түлкібас учаскелерінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздаған. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бірінші жағдай сағат 06:26-да Тараз – Шу учаскесінде болған. Ақшолақ – Үшбұлақ аралығының теміржол өткелінде электровоз машинисі 55 км/сағ жылдамдықпен Chevrolet Cobalt көлігіне соқтығыспас үшін шұғыл тежегішті басуға мәжбүр болған.

Жедел әрекеттің арқасында оқыс оқиға болмаған. Десе де оқиға салдарынан пойыз соңғы стансаға 22 минут кешігіп жеткен.

Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды

Оқиға туралы ақпарат Тараз қаласының жол полициясына жолданған.

Екінші жағдай сағат 15:35-те Арыс – Түлкібас учаскесінде тіркелген. Шымкент – Қызылсай аралығында 51 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан № 2230 пойыз машинисі жеңіл автомобильдің жолға шығуына байланысты тежегішті басуға мәжбүр болған.

8 наурыз мерекесіне орай пойыздарға қосымша вагондар қосылды

Ал жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Салдарынан пойыз уақыт кестесінен 16 минут кешіккен.

Екі факт бойынша да тергеу жүргізіліп жатыр.

Енді Шу мен Отар арасында электрпойызы қатынайды

 

Соңғы жаңалықтар