• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 11:43

Амангелді ауылы 15 жылдан бері ішімдіксіз өмір салтын ұстанып келеді

20 рет
көрсетілді

Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты Амангелді ауылында 15 жылдан бері ішімдік сатылмайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінде бұл мекенде 90 тұрғын үйде 480 адам тату-тәтті өмір сүріп келеді. Халық саны аз болғанымен, ауызбіршілігі мығым, қоғамдық тәртіпке деген жауапкершілігі жоғары.

Ауылдағы тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуына учаскелік полиция инспекторы Серік Габдулов те сүбелі үлес қосып келеді. Ол тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді.

Ең басты жетістік – өлкеде соңғы төрт жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Бұл – ауыл тұрғындарының өзара құрмет пен жауапкершілікке негізделген өмір салтын таңдағанын айғақтайды.

Ауылдың тағы бір ерекшелігі – соңғы 15 жыл бойы мұнда алкоголь өнімдері сатылмайды. Бұл бастама ауыл ақсақалдары мен белсенді азаматтардың ортақ келісімімен қабылданып, бүгінде игі дәстүрге айналған.

«Ішімдіктен бас тарту – қоғамдық тұрақтылықтың, отбасы берекесінің және ұрпақ тәрбиесінің мызғымас тірегі болып отыр. Ауыл тұрғындары бос уақытын адал еңбекпен, спортпен, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеумен өткізеді», делінген хабарламада. 

Абай облысында 15 ауыл «ішімдіксіз елді мекен» мәртебесін алды

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысы аумағында 56 елдімекен алкогольден бас тартқан. Мұндай ауылдарда қоғамдық тәртіп нығайып, тұрғындар арасындағы өзара сыйластық пен сенім арта түседі.

Түркістан облысында ішімдіксіз ауылдар көбейіп келеді

Соңғы жаңалықтар