• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт Бүгін, 17:05

Фристайл-акробатика: Отандастарымыз Олимпиаданың финалына өте алмады

0 рет
көрсетілді

Бүгін Милан-Кортина Олимпиадасында фристайл-акробатикадан ерлер арасындағы іріктеу кезеңі мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.

Жарыс жолына Қазақстан командасы сапынан Дінмұхаммед Райымқұл, Роман Иванов, Шерзод Хаширбаев және Асан Асылхан шықты. Отандастарымыздың іріктеудегі ұпайы мен нәтижесі келесідей: 

Роман Иванов 105.75 балл (13-орын); Шерзод Хаширбаев 98.67 балл (16-орын); Асылхан Асан 93.21. балл (18-орын); Дінмұхаммед Райымқұл 90.50 балл (19-орын).

Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Жалпы іріктеу сынына 25 спортшы қатысты.

Айта кетейік, финалға алғашқы іріктеуде үздік шыққан 6 спортшы мен екінші кезеңде көп ұпай жинаған тағы 6 фристайл шебері жолдама алды. Алғашқы финал бүгін Астана уақытымен сағат 17:30-да басталады.

Енді ертең аралас командалық сайыста (микст) ел командасы сынға түседі. Әр құрама сапында 2 ер, 1 әйел фристайл шебері болады.

Олимпиада-2026: Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан үздік ондыққа кірді

Қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынында 1 алтын медаль бар. Тарихи жеңісті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров сыйлады.

Соңғы жаңалықтар