• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт Бүгін, 09:10

Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

20 рет
көрсетілді

Бүгін Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада бағдарламасында отандастарымыз спорттың үш түрі бойынша жүлдеге таласады, деп жазады Egemen.kz.

Төртжылдықтың басты бәсекесінде бүгін ел намысын қорғайтын спортшылар: 

14:30-да фристайл-акробатика сынының іріктеу кезеңінде ерлер құрамасы бақ сынайды. Олардың қатарында Асан Асылхан, Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов бар. 

Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?

20:30-да конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықта Надежда Морозова мен Елизавета Голубаева жүлдеге таласады.

Қысқы Олимпиада: Фристайл-акробатика шебері Аяна Жолдас іріктеуден өте алмады

00:15-те әйелдер арасында шорт-трек жарысының ширек финалдық кезеңі басталады. 1500 қашықтықта Яна Хан мен Ольга Тихонова өнер көрсетеді. 

Қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынында 1 алтын медаль бар. Тарихи жеңісті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров сыйлады.

Соңғы жаңалықтар