• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 09:00

Шаруашылық іріленбей, ауыл көркеймейді

10 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы саласындағы шағын қожалықтарға мемлекеттік қолдау әлі күнге жеткілікті деңгейде жетпей отыр. Бұл мәселе Президент деңгейінде де көтерілді. Қазір Үкімет кооперативтерге, яғни шаруалар бірлестігін құруға қайта оралу мәселесін қарастырып жатыр. Кооперативтер еңбек өнімділігін, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырады деген сенім бар.

Еліміз қазір ауыл тұрғын­дарының табысын арттыруды ауыл кооперациясын дамыту арқылы шешуді қолға алды. Соған сәйкес субсидия­лау тәсілдері де қайта қаралып, тұрақтандырыла түспек.

Кооперация тиімділігін ел іштей сезіп отыр. Белгілі бизнесмен Еркін Тәтішов елдің әрбір азаматы фермер болуы керек дейді. Оның айтуынша, кәсіпкерлер елдің бағаланбаған активі секіл­ді, олардың жеке бизнесі тиісті деңгейде бағаланбайды. Бұл көзқарас ауыл бизнесінің де мүмкіндігін шектейді. «Ауылдағы шағын шаруашылықтардың қала бизнесімен интеграциялануы кооперацияның деңгейін көтеріп, экономикалық, географиялық сипатын әртараптандырады. Сол кезде ғана ауыл шаруашылығы өркендей түседі», дейді Е.Тәтішов

Бірақ шағын шаруашылық­­тар іріленбей, ауыл көркей­­мей­­ті­нін сарапшылар жиі айтады. ­Біз­дегі кедергі – ірі ша­руашы­лық­тар ­мен шағын ша­руашылық­тар ара­сын жалғас­тырып тұратын орта ­тап әлсіз. Кооперция­ның жеке ­сегмент ретінде дамуына ­да – осы бөгет. Мемлекет бас­шысы­ның ­айтуынша, біздегі барлық ­ауыл­да табысты кооперация құру­ға негіз болатын алғышарттар жет­кілікті. Фермерлер жазда малын бағып, сүт, ет, тері жинап, оны өңдеу үшін күш бірік­тіруі керек. «Кооперация өзінен өзі пайда бола салмайды. Ел ішін­де егжей-тегжейлі түсіндіру мен ұйым­дастыру жұмыстарын қолға алу қажет. Алайда бірлес­­тік құру ісін науқанға айнал­дырып, жұртқа қысым көрсе­туге, оларды мәжбүрлеуге жол берілмейді», деп атап көрсетті Президент.

Елімізде ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы айтыла бастағанына біраз жыл болды. Бірақ түсініксіз тұстары көп. Сарапшы Б.Зиябековтің айтуынша, шағын шаруашылықтар­ды ірілендіруді кезең-кезеңі­мен жүргізіп, жаңа жағдайға бейімделуіне уақыт беру керек. Ірі шаруашылықтар мен шағын шаруашылықтардың табысын бір-бірімен салыстыруға болмайды. Жері мен малы аздар көп малы барларға жұтылып кетуден сескенеді. Субсидия дамығысы келетін фермерлерге жақсы көмек болғанымен, талаптары ірі шаруашылықтың ыңғайына қарай жазылған. Ал шағын шаруашылықтардың нарықтық-құқықтық мәртебе­сін нақтылау жағы кешеуілдеп ­жатыр. Мысалы, кемі 90 бас ірі қара малы, кемі 500 гектар жері барлар бірлестік немесе ірілендірілген шаруашылық ре­тінде танылады. Жайылымдық жерінің жоқтығынан мал басын көбейте алмай жүргендер баршылық. Олардың субсидия­дан шеттеліп қалуына да осы фактор себеп болса керек.

Б.Зиябековтің айтуынша, күні бүгінге дейін шағын шаруа­шылықтар субсидияға қолы жетпей келеді. Басымдық тек ірілерге беріледі. Сондықтан кооперация бірлік пен жасампаздық идеологиясы деп те қарастырылып жүр. «Агросекторды субсидиялау игерілген қаражат көлеміне емес, нәтижеге бағдарланса, ауыл ұлттық инвесторлардың орда­сына айналады. Нәтижені бұр­малау қиын, бірақ бақылау оңай. Кезінде Қытайда индус­трияландыру агросектордан бас­талды. Мемлекеттің заңы ша­ғын шаруашылықтардың ірі­ленуі­не жағдай жасады. Қазір Қытай агро­сектордан шыққан олигарх­тардың көптігі жағынан әлем­де алғашқы үштікте тұр», дейді Б.Зиябеков.

Сарапшының айтуынша, ­ауылда 50 жылқы, 200-дей қой ұс­тап отырған фермер ма­лын «бесік­ке бөлеп» ба­ға­­тын­дай жағдайда. «Біз ша­ғын шаруа­шылықтар­дың жағ­дайын тек субсидия­мен шеше­тін жағ­дайдан өтіп кет­тік. Жайы­лымдық жер мәселесі шешіл­се, қалған шаруаның 90 пайызын фермердің өзі реттей алады. Қазір жайылымдық жер 20 пайызды ұстап отыр­ған шаруашылықтың немесе ірі жер иеленушілердің иелігінде. Мемлекет иелігіне қайтарылған жерлердің құқықтық мәртебесі анықтау жағы кешеуілдеп жатыр. Көп көңілінде ол жерлер бұрынғы иелеріне қайтарылып кетеді деген қауіп бар. Бұл – бір-бірінен бөлуге келмейтін күрделі мәселе», дейді Б. Зиябеков.

Оның пікірінше, басты тәуе­­кел­дердің бірі – бәсекелестік ­орта­­­ның бұрмалануы. Мемле­кеттік ­қол­дау­дың классикалық үл­гісі жұмыс істе­мейді. Президент айтып өткен­дей, «қағаз жүзінде емес, іс жүзінде нақты нәтижеге қол жеткізу бәрі­нен де маңызды».

Бизнестің мемлекеттік қол­дауға тәуелділігін төмендетудің кілті экономикалық реформа­лар­­­дың нәтижесіне байланыс­ты. Демек, мемлекеттік қол­дау ша­ғын шаруа­шылықтардың ірі бір­­лестіктерге айналуына бағыт­талуы керек. Сол кезде ірілен­діру үдерісі нарықтық жол­мен қа­лыптасады. «Шағын шаруа­шы­лықтардың іріленуі немесе бірі­гуі экономикалық тиімді­лікті арт­тыруға көмектеседі. Сол себепті мемлекеттік қолдау жүйесін ғана емес, агросек­торды реформалау – жаңа аграрлық саясаттың екінші бағыты», дейді сарапшы.

Бұл пікірді ауыл шаруа­шы­­­лығы сарапшысы Төлеутай Рахымбеков те қолдайды. Оның айтуынша, мемлекеттік қол­дау­дың барлық тетігі ірі өндірісті ынталандыруға арналған. 2003 жылдан 2005 жылға дейін үш жылға ауыл шаруашылығын да­мытуға 3,5 миллиард теңге бөлінді. 2018–2019 жылдары суб­сидияның көлемі 350 млрд теңгеге жетті, яғни жүз есе өсті. Мемлекет шаруаларға кө­мек қолын созуда ешуақытта тар­тынған емес. Бірақ сол көмек тиіс­ті жеріне жетпей жатыр. Ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің жартысын өндіретін 1,7 млн-ға жуық жеке қосалқы шаруашылық мемлекеттік қол­дауды алудан үміткерлер қатары­нан алынып тасталған.

Оның айтуынша, шағын ша­руашылықтар – агросектордың күретамыры. Бірінші кезекте шағын шаруашылықтарды ­несиелеу мен субсидиялау тетік­терін өзгерту керек.

«Біздің бағалауымызша, 2025 жылы тек әрбір 30 фермердің тек 3 пайызы ғана жеңілдетіл­ген несиеге қолы жетті. Ал қалған 97 пайызының кепілге қоя­тын ештеңесі жоқ, аудан орта­лық­та­рында несиелеумен айналысатын банктік филиалдар да жоқ. Мұндай тұйықталған шеңбермен кооперацияны ұзаққа апара алмаймыз», дейді сарапшы.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар