Тараз қаласында 13 жастағы қыздың ұрлануына жол бермеген ер азамат марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің ғимаратында шаһар тұрғыны Нүркен Омаровты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Ол 13 жастағы қызды ұрлау дерегінің алдын алған болатын.
Таразда оқушы қызды ұрламақ болған ағайындылар қамауға алынды
Нақтырақ айтсақ, бұған дейін белгісіз екі азамат автокөлікпен келіп, қоғамдық көлік аялдамасында тұрған қыз баланы алып кетпек болған еді. Алайда бұл жағдайға бейжай қарамаған тараздық азамат жедел іске кірісіп, 13 жастағы қызды құтқарып қалған болатын. Ал күдіктілер жедел анықталып, полиция қызметкерлерінің әбжіл қимылының арқасында ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Таразда мектеп оқушысын ұрламақ болған екі күдікті ұсталды
Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев тараздық Нүркен Омаровқа Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атынан алғыс айтты.
«Кейде ерлік лауазыммен де, формамен де өлшенбейді. Ол қиын жағдайда шұғыл шешім қабылдап, көмек берудің арқасында айқындалса керек. Сіздің жедел әрекетіңіздің арқасында жасөспірімнің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Бұл бір отбасының ғана емес, тұтас қоғамның тыныштығына қосылған үлес деп білемін», деді полиция департаментінің басшысы Нүркен Омаровқа ризашылығын жеткізіп.