• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Кеше

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жол жабылды

10 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Павлодар облысында 21:00-ден бастап барлық бағыттар бойынша қозғалыс шектелді. Жолдардың болжамды ашылу уақыты – 19 ақпан сағат 09:00.

Ақмола облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 км аралығында қозғалыс шектелді (Астана – Павлодар облысы шекарасы).

Абай облысында сағат 21:00-ден бастап «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 583-733 км аралығында қозғалыс шектелді (Павлодар облысы шекарасы – Семей).

Қарағанды облысында:

«Қалқаман – Баянауыл – Ұмыткер – Ботақара» автожолының 231-324 км аралығы (Павлодар облысы шекарасы – Ботақара);  «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 970-1135 км аралығына шектеу енгізілді (Қарағанды – Павлодар облысы шекарасы).

Қозғалыстың болжамды ашылу уақыты – 19 ақпан сағат 09:00.

Соңғы жаңалықтар