2026 жылғы Олимпиада ойындарында (Италия) Қазақстан құрамасы атынан сынға түскен мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төрешілер спортшыға 68,47 ұпай берді. Осы нәтиженің арқасында Самоделкина аралық есепте 12-орынға жайғасты.
Қысқа бағдарламадан кейін жапониялық Ами Накаи 78,71 ұпаймен көш бастады.
Қысқы Олимпиада: Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша ширек финалға өтті
Еркін бағдарлама 19 ақпанда өтеді. Дәл сол сында спортшылардың жалпы қорытындыдағы орны анықталады.
Михаил Шайдоров тарихи жеңісінен кейін әлемдік рейтингте үздік үштікке енді