• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Реформа Бүгін, 08:02

Уақыт талабынан туындаған құжат

0 рет
көрсетілді

Қазір жер-жерде жаңа Конституция жобасын жұртшылық арасында түсіндіру жалғасып жатыр. Қызылордадағы «Aray City Mаll» сауда орталығында «Ақ жол» демократиялық партиясының облыстық филиалы өкілдері «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін» жалпыұлт­тық коалициясының үгіт-насихаты аясында кәсіпкерлермен кездесті.

Партияның облыстық мәсли­хаттағы фракциясының жетекшісі, белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев ұсынылып отырған өзгерістер мем­лекеттік басқару жүйесін жаңғыр­туға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге бағыттал­ғанын атап өтті. Сонымен қатар жаңа жобада азаматтардың құқық­тары мен бостандықтарын қорғау тетіктері нақтылана түскенін айтты.

Спикер сөзінде Конститу­циялық реформаның басты мақ­саты – әділетті, ашық әрі халық мүд­десіне қызмет ететін мемлекет қа­лыптастыру екені жобада адам құқықтарын қорғау ке­піл­дік­терінің нақтыланып, заң үстем­­дігін қамтамасыз ету мен ашық­тық қағидаттарын орнықтыру мәсе­лелері көрініс тапқанынан анық байқалатынын айтып өтті.

«Қоғам мен заман өзгерген са­йын заң да халықтың сұранысына сай жаңарып отыратыны анық. Жаңа Конституция жобасында «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидаттың берік орныққаны әркімнің де көңілінен шығады деп ойлаймын. Әрбір нормасы қоғамның сұранысы мен ұсынысы негізінде әзірленген жоба әлеуметтік тұрақтылық пен орнықты дамуға берік негіз қалайды», деді кәсіпкер.

Кездесуде Конституция жобасы уақыт талабынан туған құжат екені баса айтылды. Ашық диалог форматында өткен кездесуде партия мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Ақмарал Төлегенова қоғамның әрбір мүшесі ел болашағы үшін жауапты науқаннан шет қалмауы керегін айтты.

Кездесуде партияның облыстық филиалының жетекшісі Бауыржан Сандыбаев жаңа жоба елімізде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келе жатқан саяси жаңғырулардың жалғасы екеніне тоқталды.

Сауда орталығы ұжымы мен кәсіпкерлер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдама­сын нақтылай түсетін жоба туралы пікірлерін жеткізді.

 

Қызылорда 

Соңғы жаңалықтар