• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Кеше

Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді сәтті бастады

0 рет
көрсетілді

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы әйелдер арасындағы турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған спортшы жарыста бірінші нөмірлі болып тіркелді. Себебі Біріккен Араб Әмірліктерінде әлемнің бірінші және екінші ракеткалары – беларусьтік Арина Соболенко мен польшалық Ига Швентек өнер көрсетпейді.

Елена Рыбакина екінші айналымға өтті. Бұл кезеңде оның қарсыласы аустралиялық Кимберли Биррелл болды. Матч екі сетте 1:6, 2:6 есебімен аяқталды.

Матч барысында Рыбакина алты эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. 

Үшінші айналымда қазақстандық спортшы әлемнің 67-ракеткасы, хорватиялық Антония Ружичпен кездеседі. Бұл матчтың жеңімпазы ширек финалға жолдама алады.

Соңғы жаңалықтар