• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Кеше

Астанадағы жылы аялдамалар «Сергек» жүйесіне қосылды

0 рет
көрсетілді

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және цифрландыру құралдарын белсенді енгізу аясында елордада жылы аялдамаларды бүлдіру фактілерінің алдын алу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Соңғы уақытта Астанада жылы аялдамаларды қасақана бүлдіру деректері жиілеген. Белгісіз тұлғалар әйнектерді сындырып, есіктерді және өзге де мүлікті зақымдап жұр. Осыған байланысты қала әкімдігі мен полиция бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту және нақты уақыт режимінде бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдады.

Жылы аялдамаларға орнатылған камералар кезең-кезеңімен полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылып жатыр. Бұл жаңашылдықтың арқасында полиция қызметкерлері онлайн-мониторинг жүргізіп, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ете алады.

Қазіргі таңда жүйеге негізінен Сарайшық және Алматы аудандарында орналасқан 20 аялдама қосылған. Барлық жылы аялдамалардың бейнеағындарын біріктіру жұмыстарын ақпан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жобаны іске асыру қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, қалалық мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге және вандализм үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Полиция қызметкерлері қалалық инфрақұрылым – бұл жай ғана шыны мен металдан жасалған құрылымдар емес, тұрғындардың қолайлылығы, қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жасалған ортақ кеңістіктің бір бөлігі екенін еске салды.

«Мұндай әрекеттер қала келбетіне ғана емес, барлық тұрғындарға зиян келтіреді. Өз қалаңа ұқыпты қарау – өзгелерге және өзіңе деген құрметтің белгісі», деді полиция. 

Соңғы жаңалықтар