• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 18:08

Президент бірқатар заңға қол қойды

10 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ынтымақтастық пен сауда байланыстарын кеңейтуге бағытталған бірқатар заңға қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Заңына қол қойды.

Сондай-ақ «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» Заңына қол қойды. 

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

Соңғы жаңалықтар