• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 14:07

Орал қаласында жаңа мешіт ашылды

20 рет
көрсетілді

Орал қаласында бір мезгілде 2 мың адам намаз оқи алатын жаңа мешіт ашылды. Оның ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысы орталығының Зашаған кенті ауданында орналасқан жаңа мешіттің қазығы осыдан үш жыл бұрын, 2023 жылы мамыр айында қағылған еді. Содан бері демеушілер мен діндәр жамағаттың қолдауымен сәулетті мешіт бой көтеріп, қасиетті рамазан айының басталуына 2 күн қалғанда пайдалануға берілді. Бұл Орал қаласындағы төртінші, облыс бойынша 66-ншы мешіт.

Бас мүфти өз сөзінде Орал тұрғындарын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, Ақжайық өңірі, Батыс Қазақстан облысы әуелден мұсылман дінінің туы тігілген, ата-баба дәстүрі салтанат құрған аймақ екенін айтты.

«Жәңгір хан бабамыздың уақытында Бөкейлік жұртында 144 мешіт болған екен. Жәңгір хан әр 170 шаңыраққа бір молда болуын тәртіп етіп бекіткен. Ол кездегі молдалар елді имандылыққа, ағартушылыққа, сауаттылыққа жеткізген ұстаз болды. Қазір де солай, Аллаға шүкір, облыстағы Самат Қанатқалиұлы бастаған имамдарымыз халыққа адал қызмет етіп келеді. Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың да бізге айтқан өсиеттерінің бірі сол: Хаққа қызмет ету – халыққа қызмет етуден басталады деген. Халыққа қызмет ету үшін адам қарапайым, кішіпейіл болу керек. Мінеки, бабаларымыз, дін ұстанған қасиетті әулиелеріміз бізге осындай өсиет қалдырған. Осы өңірде де Хақ жолына аянбай қызмет еткен, сол жолда құрбан болған Қуанай хазірет сияқты тұлғалар болған. Сондықтан біз де бабалар жолына берік болып, Аллаға иманымыз мықты болып, Құдайдың бұйрығына бойұсынып, қайтарған істерінен тыйылып, қолымыздан келгенше адам баласына жақсылық жасау арқылы Аллаға иманды болайық», деді бас мүфти.

Наурызбай қажы Тағанұлы бұдан кейін киелі Меккеге, қасиетті қағбаға Мемлекет басшысымен бірге зиярат қылған сапарын еске алды.

«Мен ол кісімен бірге Меккеге барғанымда, екеуміз ұмра жасап, қағбаны тауап етіп болған соң, ары қарай Сафа мен Мәруаға барайын деп тұрған едік. Президент қағбаға қарай бұрылып, «Әрбір қазақ бай болсын!» деп дұға қылды. Әрине, байлық деген тек дүние емес, рухани байлық та бар. Бұл тілекте өте үлкен мағына бар. Қазақ үшін бала-шағаның көптігі де байлық, денсаулықтың өзі – зор байлық. Міне, осы байлықтың барлығын біздің Мемлекет басшысы Алладан халқы үшін тілегеніне мен куәмін, жанында тұрып осыны естідім. Алла Тағала ол кісінің тілегін қабіл етсін», деді бас мүфти.

Алматыда ер адам мешітте намаз уақытында ұрлық жасаған

Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан осы мешітті салуға үлес қосқан облыс басшыларына, Орал қаласы әкімдігіне, кәсіпкерлер мен барша қарапайым жамағатқа алғыс айтты. Жиналған жұрт жаңа мешіттің іші-сыртын аралап көрді. Үлкендер шашу шашып, балалар таласа теріп, әдемі мереке ұласқан күн болды.

Семейде мешіт құрылысы басталды

Соңғы жаңалықтар