• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 15:00

Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді

10 рет
көрсетілді

Қырғызстан президенті Қамчыбек Ташиевті қызметінен босату туралы шешім қабылдамас бұрын, оған қоңырау шалып, жағдайды түсіндірген. Шешімді содан кейін ғана қабылдаған. Садыр Жапаров бұл туралы «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттің айтуынша, бұл шұғыл шешім досын қорғау үшін қабылданған.

«Өйткені оның қасындағы «ақсақалдар» мен «көксақалдар» бәрібір тура жолдан тайдыруға тырысатын еді», деді Садыр Жапаров.

Қамчыбек Ташиевтің атын жамылған топ парламент депутаттарын, мемлекеттік қызметкерлерді және қоғамда танымал адамдарды «генералдың жағына өтіңіздер» деп үгіттей бастаған.

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

«Егер мен оны қызметінен босатпасам, олардың әрекеттері күшейіп, мемлекеттік аппарат пен қоғам арасында бөлінулер туындауы мүмкін еді. Сондықтан мен досымды қызметтен босатуға мәжбүр болдым. Мен үшін ең бастысы − елдегі тұрақтылық», деді Қырғызстан президенті.

Қамчыбек Ташиев: Қызметтен босатылу мен үшін күтпеген шешім болды

Соңғы жаңалықтар