«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздегі автожолдардағы ахуал туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Жамбыл облысында республикалық маңызы бар «Мерке – Шу – Бурылбайтал» автожолының 156-268 шақырым аралығында (Бірлік ауылынан Бурылбайтал ауылына дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды.
Жылдамдыққа шектеу қойылған учаскелерАуа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жолда жылдамдық режимі өзгертілді:
Қарағанды облысы:
«Астана – Қарағанды – Алматы» (KAZ 01) автожолының 92-164 шақырымы (Анар станциясы – Теміртау ақылы жол бекеті).
Ақмола облысы:
«Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу бекеті)» (KAZ 02) автожолының 18-232 шақырымы.
Жабық жолдарАуа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі жол учаскелерінде қозғалыс уақытша шектелді:
Ауа райына байланысты бірқатар облыста жолдар жабылды
Алматы облысы:«Қонаев – Күрті» автожолы, 0-67 км (Қонаев қаласы – Күрті ауылы);
«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 2295-2436 км (Ақсеңгір/Ақсай ауылы – Қаншеңгел ауылы аралығы);
«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 59-143 км (Жаңақұрылыс ауылы – Жамбыл облысы шекарасы).
Жамбыл облысы:Аталған халықаралық дәліздің 143-214 км (Алматы облысы шекарасы – Қордай ауылы);
159-238 км (Кенен ауылы – Қайнар ауылы);
238-476 км (Тараз қаласы – Қайнар ауылы);
476-534 км (Тараз қаласының айналма жолы);
534-593 км (Айша-бибі ауылы – Түркістан облысы шекарасы).
Түркістан облысы:Сол автожолдың 593-654 км (Жамбыл облысы шекарасы – Машат кенті).
Павлодар облысы:«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жол айрығында (Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу) көпір құрылымының зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.
Шығыс Қазақстан облысы:Осинов асуында (46-66 км, Северный ауылы бұрылысы – Серебрянск қаласы бұрылысы) 2024-2025 жылғы қысқы кезеңде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілген.
Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірде көктайғақ, тұман, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, жел күтіледі.