2026 жылғы 15 наурыздан бастап Алматы – Баку – Алматы бағытындағы әуе рейстері аптасына екі рет (бейсенбі және жексенбі күндері) орындалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сәуір айынан бастап рейстер жиілігі аптасына үш ретке дейін көбейеді. Ал мамыр айынан бастап ұшулар аптасына төрт рет – дүйсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері жүзеге асырылады.
Қазақстаннан Вена, Рим және Нью-Йоркке әуе рейстері ашылады
Атырау – Баку бағыты бойынша рейстер 18 наурыздан бастап дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері орындалады. Сәуір айынан бастап ұшу кестесі өзгеріп, рейстер сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндеріне жоспарланған.
Астана – Гуанчжоу бағытында жаңа рейс ашылады