Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бүгін төртжылдықтың басты бәсекесінде жерлестеріміз спорттың 4 түрі бойынша жүлдеге таласады, деп жазады Egemen.kz.
Бүгін жүлдеге таласатын ел спортшылары:
Әйелдер арасындағы тау шыңғысы сынының супергигант түрі бойынша Александра Скороходова бәсекеге түседі. Бұл сайыс Қазақстан уақытымен 15:30-да басталады.
Ерлер арасында фристайл-могулдың финалдық сайысында Павел Колмаков жүлдеге таласады. Аталған жарыс 16:15-те тікелей эфирде ұсынылады.
Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды
Шаңғы жарысындағы жекелей сайыста ел құрамасы өнер көрсетеді. Құрама сапында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко бар. Шаңғы шеберлері жарыс жолына 17:00-де шығады.
5000 метр қашықтықта конькимен жүгіруден Надежда Морозова бақ сынайды. Бұл бәсеке 20:30-да басталады.