• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Байқау Бүгін, 08:45

Әбіш әлемімен танысқан оқушылар

50 рет
көрсетілді

Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапха­насының балалар бөлімі ай сайын «Артық білім – кітапта» атты сайыс өткізіп тұрады. Бұл жолғы байқау 12–13 жас­тағы балалар арасында ұйым­дастырылды. Кішкентай оқыр­мандарға Бақтыбай Жайлаудың «Әбіш Кекілбайұлы кім?» деген кітабын үйден мұқият оқып келіп талдау және сұрақтарға жауап беру ұсынылды.

Үш кезеңнен тұра­тын жарыс­қа аудандар мен қалалар­да­ғы мектептерден 24 оқушы қатысты. Олар алдымен эк­раннан өз­дері таңдаған ұяшық­тардағы сұрақтарға ­жа­уап берді. Екінші кезеңге 12 қа­тысушы іріктеліп алынды. Талап бойынша олар кітап­тағы мақал-мәтелдер мен тұ­рақты сөз тіркестерінің ма­ғы­насын ашып, ойын жет­кізді. Үшінші кезеңде тест тап­сырмаларын орындады. Үздік шыққан жеті оқушы жүлделі орындарды бөлісті. Бас жүлдені Ақтау қаласы Т.Әшімбаев атында­ғы №11 лицей мектебінің оқушысы Гүлназ Жеткізген жеңіп алды. 1 бірінші орын, 2 екінші орын, 3 үшінші орын және 4 ынталандыру сыйлығы­ның иегеріне дипломдар мен ақша­лай сыйлықтар берілді. Қатысушыларға да алғысхаттар мен кітаптар табысталды.

Жақында жарық көрген кітаптың авторы Бақтыбай Жайлау: «Әбіш атасының шығармалары балалар мен жас­тардың ақыл-ойын арттырады, тәлім-тәрбие бе­реді, саналы азамат болып өсуіне оң ық­пал етеді. Зейінді, зерек, зер­делі, зияткер, зиялы тұл­ға етіп қалыптастырады. Біз­дің бұл кітабымыз кіш­кен­тай оқырмандарды сол Әбіш әлеміне бала жастан қы­зық­ты­рудың амалы» дейді.

Балалар бөлімінің мең­­ге­рушісі Қалдыгүл Жыл­қы­­­­бае­­­ва бастаған кітапха­на­шы­­лар, оларға осындай сайыс өт­кізуді ұсынған Маң­ғыстау облыстық Бекет Ата меші­тінің бас имамы Әнуарбек Ізім­­­байұлы, байқауға демеуші болып қаржылай жүлде таға­йын­даған «Маңғыстау қажы­ла­ры» қауымдастығы­ның өкілдері кішкентай оқыр­мандар ара­сын­дағы жарысты алдағы уақытта да жал­ғастыра беретінін айтты.

 

Маңғыстау облысы 

Соңғы жаңалықтар