Олимпиада чемпионы болу – әр спортшының арманы. Кейде сол арманға мектеп жасындағы жасөспірімдер де қол жеткізеді. 2024 жылғы Париж Олимпиадасында аустралиялық скейтбордшы Ариса Трю небәрі 14 жасында әйелдер арасындағы «парк-скейтбординг» сайысында алтын медаль жеңіп алды.
Бұл жарыс арнайы жасалған алаңда өтеді. Яғни оның ішінде иілген қабырғалар, шұңқырлы бөліктер, түрлі төбешіктер бар. Спортшы сол жерлерге екпіндеп келіп, биікке көтеріледі де, түрлі қимыл жасап қайта қонады. Әуелде көбі Ариса Трюді «бала ғой» деп менсіне қоймап еді. Бірақ «елемеген шыбық көз шығарады» емес пе? Финалда жасөспірім қыз жарқ етіп шығып, жасындай жарқырады. Осылайша, 14 жастағы оқушының өзі мықтылар тізімінде көш бастады.