• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 15:31

Президент: Бизнеске шын мәнінде қолайлы жағдай жасайтын нақты шаралар қабылдау керек

10 рет
көрсетілді

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» Жарлықты орындау мәселесіне арнайы тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша бұл жұмыс іс жүзінде емес, қағаз жүзінде ғана орындалып жатыр.

«Құзырлы органдар құжатта көрсетілген тапсырмаларға атүсті қарайды. Бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауды емес, құр есеп беруді ойлайды. Соның салдарынан Жарлықта айқындалған басты міндеттер толығымен орындалған жоқ.

Мысал ретінде мемлекеттік активтерді жекешелендіру үдерісін алып қарайық. Үкімет жеке меншікке өтуге тиіс 473 кәсіпорынның тізімін былтыр қазан айында бекітті. Бірақ активтерді саудаға шығармақ түгілі оны сатуға дайындық шараларының өзі әлі басталған жоқ» деді Мемлекет басшысы.

Президент бұл жағдай жеке кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп, бәсекелестікті тежейтінін атап өтті.

«Мемлекеттік мүлік туралы» жаңа заң да қабылданбады. «Қандай кедергі пайда болды? Мемлекеттік органдар неліктен өз активтерінен айырылғысы келмейді?» деген сұрақтар болуы мүмкін. Нақты себептер бар шығар, бірақ олар туралы бейхабармын.

Себебі бұл активтер мемлекет бюджеті есебінен қамтамасыз етіледі, яғни, оған қазынадан қомақты қаражат жұмсалып жатыр. 

Үкімет Жарлықты орындауға қатысты ұстанымдарды бір айдың ішінде қайта қарауға тиіс. Басты мақсат – бизнеске шын мәнінде қолайлы жағдай жасайтын нақты шаралар қабылдау», деді Президент.

Президент Үкіметке жыл соңына дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын толық цифрландыруды тапсырды

Соңғы жаңалықтар