• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 08:02

Мүгедек жандарға қандай салық жеңілдігі бар?

10 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жобалық кеңсенің төртінші отырысында Салық кодексін енгізу мәселелері қаралды. Осы жиында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа алған ұйымдардың өтініштері тыңдалды. Негізгі мәселе жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты болды. Атап айтқанда, мұндай қызметкерлерге салық қалай есептелетіні талқыланды.

Парламентте салық реформасы талқы­ланған кезде мүгедектігі бар адам­дарды жұмысқа алатын ұйым­дар­ға қатысты ереже өзгертілді. Депутат­тар­дың ұсынысына сәйкес, биылдан бастап мұндай қыз­мет­керлерге төлене­тін еңбекақы қоры­ның 51%-ы корпо­ративтік табыс салы­ғы бойынша жеңіл­дік ретінде есеп­теледі. Бұған дейін есту, сөйлеу, көру қабілеті бұзыл­ған адамдар жұмыс істейтін арнайы ұйымдарда 35% мөлшері қол­данылған еді. Енді бұл норма өзгертілді.

Жаңа тәртіп жұмыс берушілерге таңдау жасаудың қажеті болмайтындай етіп енгізілді. Ұйымның түріне қара­мастан, мүгедектігі бар адамды жұмыс­қа алу мүмкіндігі кеңейеді. Соны­мен қ­атар қызметкерлердің жеке табыс салы­ғына берілетін жеңілдігі бұрынғы­дай толық сақталады. Бұл өзгерістің бас­ты ма­қсаты жұмыс берушілерді жаңа жұ­­мыс орындарын ашуға әрі оларды тұ­рақ­ты сақтауға ынталандыру болып отыр.

Сонымен қатар Салық кодексіне алғаш рет мүгедектік тобына бай­ланыс­ты жеке табыс салығында әлеуметтік шегерімді бөлек есептеу тәртібі енгізілді. Бұған дейін жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамға шегерімнің жалпы шегі 882 АЕК болатын. Жаңа өзгерістер бо­йынша бұл мөлшер үшінші топқа сақталып қалды. Ал бірінші және екінші топтағыларға шегерім көлемі 5000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Осы жаңа норманы қолдануға бай­ланысты мемлекеттік органдарға өтініштер түсе бастаған. Мысалы, егер бір жыл ішінде қызметкердің ден­­сау­лығы нашарлап, үшінші топ бірін­ші немесе екінші топқа ауысса я кері­сінше өзгерсе, сол жылға жеке табыс салығын қалай есептеу керек деген сұрақтар туындады. Салық кодексінің 404-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуметтік шегерім сол негіз пайда болған немесе бұрын қолданылған күнтізбелік жылға есептеледі.

Осы мәселенің әлеуметтік маңызын ескере отырып, Жобалық кеңсенің отырысында нақты шешім қабылданды. Егер мүгедектік тобы бірінші мен екінші немесе үшінші топ арасында өзгерсе, сол жыл үшін толықтай 5000 АЕК мөл­шерінде әлеуметтік салық шегерімі қол­данылады. Бұл шешім жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдардың табысын қосымша қорғауға, салық жүктемесін азайтуға, әділетті жүйе қалыптастыруға бағытталған.

Ең жиі көтерілетін мәселелердің бірі – салық төлеушінің жеке шотында артық төлем болған жағдайда, қосыл­ған құн салығын төлегеннен кейін элек­трондық шот-фактураны қан­дай тәр­тіппен және қандай мерзімде рәсімдеу керек деген сұрақ. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті жақын уақытта өз ресми ақпараттық ресурстарында арнайы түсініктеме жариялауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар Жобалық кеңсенің отырысында «Атамекен» ұлттық кәсіп­кер­лер палатасының бастамасымен тағы бір мәселе көтерілді. Ол – квази­мемлекеттік компанияларды сатып алу кезінде салық төлеушінің шығын­дарын есепке алу тәртібі. Әсіресе оңай­латылған декларация негізінде арнайы салық режімін қолданатын кәсіпкерлерден алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге қатысты шығындарды кор­­поративтік табыс салығы бойынша ше­геру­ге жатқызу мәселесі талқыланды. Бұл бағытта қосымша талдау жасап, заң­ға тәуелді құжаттарға өзгерістер енгізу және жеткізушілерге қойылатын талаптарды қайта қарау қажет екені айтылды.

Сондай-ақ өткен аптада мем­лекеттік органдарға және Мем­лекеттік кірістер комитетіне call-орталық пен Salykbot Telegram-арнасы арқылы шамамен 14 мың өтініш түскені хабарланды. Бұл көрсеткіш алдыңғы аптамен салыс­тырғанда 2,1 мыңға азайған. 

Соңғы жаңалықтар