• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Олимпиада-2026: Конькимен жүгірушілер қалай өнер көрсетті?

30 рет
көрсетілді

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіру жарыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

9 ақпанда әйелдер арасында 1000 метр қашықтықта медальдар сарапқа салынды. Бұл сайысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысты.

Отандастарымыздың ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен − Надежда Морозова. Ол 1:16.00 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жалпы есепте 14-орынға тұрақтады.

Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды

Елизавета Голубева 1:16.40 уақытта мәреге жетіп, 19-орынға ие болды. Ал Кристина Силаева 1:17.57 уақыт көрсеткішімен 28-орыннан көрінді.

Олимпиада-2026: Қазақстанның ерлер құрамасы скиатлонда қалай өнер көрсетті?

Нидерланд спортшысы Ютта Лердам Олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды − 1:12.31. Күміс жүлде Фемке Кокқа (Нидерланд) бұйырды − 1:12.59. Қола медальді жапониялық Михо Такаги иеленді − 1:13.95.

Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты

Соңғы жаңалықтар