• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 12:49

Испаниядағы турнирде 11 қазақ боксшысы финалға жолдама алды

10 рет
көрсетілді

Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан Boxam Elite-2026 турнирі өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде 11 отандасымыз финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ұлттық Олимипиада комитетінің мәліметінше, ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Аман Қонысбеков (75 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін), Нұрасыл Асылхан (90 келіден жоғары) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) алтын жүлдеге таласады.

Әлемнің ең мықты боксшыларының рейтингі жаңарды

Әйелдер арасында Назерке Серік (65 келіге дейін), Умида Садықова (80 келіден жоғары) және Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары) финалда бақ сынайды.

Ал Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін), Азамат Бектас (80 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Гүзал Садықова (80 келіге дейін) және Элянұр Тұрғанова (48 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады. 

Аталған халықаралық турнир 7 ақпанда аяқталады.

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары Ла-Нунсиядағы турнирге қатысады

Айта кетейік, бүгін, 7 ақпан күні Милан-Кортина Олимпиадасы басталды. Алғашқы жарыс күнінде алты отандасымыз екі спорт түрінен өнер көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар