Мектептерде 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап үшінші оқу тоқсаны басталды. Оқу үдерісі 10 оқу аптасына жоспарланған. Осы кезеңде бірінші сыныпта оқитын балалар үшін қосымша қысқы демалыс қарастырылған, деп жазады Egemen.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 1-сынып оқушылары 2026 жылғы 9-15 ақпан аралығында жеті күнтізбелік күн демалады. Бұл бастауыш сыныптағы балалардың оқу жүктемесін жеңілдету және олардың денсаулығын сақтау мақсатында енгізіліп отыр.
Синоптиктер болжамы: Қазақстанда күн күрт суытады
Қосымша демалыс басқа сыныптарға қатысты емес. Қалған оқушылар үшін 3-тоқсан бекітілген оқу кестесіне сай жалғасады.
6 ақпанда республика бойынша қай жолдар жабық?